Қоғамдық қатынастарға нәтижелі және мақсатты құқықтық ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы нормашығармашылық қызмет болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік тіркеу болып табылады.
НҚА мемлекеттік тіркеу институты 1993 жылы құрылған.
НҚА мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген актілердің заңды күші жоқ.
Әділет органдары НҚА-ның қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізеді, онда негізгі мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қысым жасауға жол бермеу болып табылады.
2016 жылғы 6 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы заңнамаға тәуелді актілердің қабылдау және әрекет етудің барлық саласын, сондай-ақ нормашығармашылық процесін реттейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың НҚА мемлекеттік тіркеу функциясы аумақтық әділет органдарына берілді. Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың НҚА мемлекеттік тіркеуге Әділет департаментіне жіберіледі.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік органның 155 НҚА тіркелді.
НҚА мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциясы заңға тәуелді актілердің заңдылығын, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Әділет органдарында тіркелген НҚА-мен әрбір азамат Қазақстан Республикасының НҚА эталондық бақылау банкінде таныса алады.
Сайран Кантарбаева
Ақмола облысы Әділет департаментінің
Нормативтік құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің басшысы