
2023 жылғы қаңтардан бастап "Электрондық үкімет" веб-порталында заңды тұлғаның атауы мен мекенжайы бойынша онлайн-түзетулер жүргізу жөніндегі қызмет іске қосылды (www.egov.kz) (бұдан әрі-ЭҮП).
Түзету үшін заңды тұлға ЭҮП - "заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) атауларын, орналасқан жерін түзету" онлайн қызметін таңдауы қажет.
Әрі қарай, өтініш үшін қарастырылған барлық өрістерді толтырып, қажет болған жағдайда құжатты тіркеп, содан кейін өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.
Кейіннен осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында тіркеуші органға орындауға жіберіледі.
Онлайн-түзетулер бойынша қызмет көрсету нәтижесі мәліметтерді өзектендіру туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Сонымен қатар, заңды тұлға бір мезгілде атауын және мекенжайын түзету үшін ЭҮП жүгіне алады.
Мекенжайды түзету кезінде заңды тұлға мекенжайдың тіркеу кодын (бұдан әрі-МТК) алу үшін, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектісі бойынша деректер, мысалы, үйлердің, үй-жайлардың нөмірленуі не көше атауы (тіркеу орнын өзгертпей) өзгерген жағдайда.
Қорытындылай келе, енгізілген онлайн-түзету процессі ыңғайлы болу үшін және халықтың уақытын үнемдеу мақсатында құрылғанын атап өткім келді. Заңды тұлғаның атауы мен мекен-жайын түзету бойынша процессті енгізудің артықшылығы қағазбастылықтың болмауы, ең бастысы кеңседен (үйден)шықпай-ақ мәліметтерді өзгерту мүмкіндігі болып табылады
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің
бас маманы
Салтанат Жуварова