«Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаментімен «Бижан» ЖШС – да азаматтарды қабылдау өткізді.

«Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаментімен  «Бижан» ЖШС – да азаматтарды қабылдау өткізді.

         

          2023 жылғы 02 маусымда «Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаментімен  «AMANAT»  партиясы филиалы қоғамдық қабылдауымен бірлесіп, Ақмола облысы адвокаттар алқасының,  аумақтық нотариалдық  және заң консультанттар, жеке сот орындаушылар Палаталарының өкілдерінің қатысуымен «Бижан» ЖШС – да азаматтарды қабылдау өткізді.

       Аталған шараның мақсаты – жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.

          Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікті бөлу және мұрагерлікті, мүлік үлесін иеліктен шығаруды ресімдеуге қатысты, сондай – ақ тұрғын үй-коммуналдық  және басқа да сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі