Терроризмге қарсы, азаматтық қорғаныс заңнамасын және өрт қауіпсіздігін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Терроризмге қарсы, азаматтық қорғаныс заңнамасын және өрт қауіпсіздігін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

 

 

Ағымдағы жылғы 02 маусымда Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) Департамент аппаратының қызметкерлері үшін терроризмге қарсы, азаматтық қорғаныс заңнамасын және өрт қауіпсіздігін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мамандары дінтанушылар А.А. Тлектесова мен С.А. Манатова семинар қатысушыларын жалған діни ағымының қызмет қауіптілігімен, мәнімен және көрініс беру нысандарымен таныстырды.

Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасының бас маманы Т.Б. Шаймерденов Департамент қызметкерлерін әкімшілік ғимарат пен тұрмыста өрт қауіпсіздігінің нормалары және қағидаларымен, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзғандығы үшін әкімшілік және қылмыстық жазаларға тарту шараларымен таныстырып өтті.

Семинарды қорытындылай келе Департамент басшысының орынбасары М.О. Едрисов «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын және ҚР өрт қауіпсіздігінің қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы атап өтті.

 

Әкімшілік бөлімі