«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару құжатының негізінде атқару өндірісін қозғау» саласында мемлекеттік қызметтің тәртібі мен тізбесі

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару құжатының негізінде атқару өндірісін қозғау» саласында мемлекеттік қызметтің тәртібі мен тізбесі

 

Әділет департаментінің көрсетілетін мемлекеттік қызметінің бірі «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару құжатының негізінде атқару өндірісін қозғау» болып табылады

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті атқарушылық іс - әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген өтінішті және құжаттарды:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы);

      3) портал арқылы жолдайды.

         Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - АІЖ ОААЖ) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;

      3) мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырады, олар барынша қысқа мерзім ішінде көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;

      3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;

      3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.        

 Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және бұл туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

         Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.

         Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын хабардар етеді.

Макпал Нукенова

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Атқару өндірісін қамтамасыз ету

бөлімінің бас маманы