Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғаларды (коммерциялық ұйымдарды) тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалы бөлімдерінің тіркеушілерімен семинар өткізілді.

2023 жылғы 20 наурызда Ақмола облысының Әділет департаментімен жылжымайтын  мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғаларды (коммерциялық ұйымдарды) тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалы бөлімдерінің тіркеушілерімен семинар өткізілді.

         Семинар барысында «Заңды тұлға» және «Жылжымайтын мүлік тізілімі» Мемлекеттік Деректер Базасының ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша жасалған  мониторинг нәтижелері талқыланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтауға  және бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Семинарда Мемкорпорация қызметкерлеріне "электрондық үкімет" веб-порталында (www.egov.kz) заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) жөніндегі мемлекеттік қызметтің іске қосылғаны жеткізілді.  

         Барлық қызықтырған сұрақтарға ағымдағы заңнамаға сәйкес   түсініктемелер берілді.