"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық және қалалық бөлімдерімен (бұдан әрі- Мемкорпорация қызметкерлері) семинар өткізді.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық және қалалық бөлімдерімен (бұдан әрі- Мемкорпорация қызметкерлері) семинар өткізді.

2023 жылғы 16 наурызда Ақмола облысының Әділет департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық және қалалық бөлімдерімен (бұдан әрі- Мемкорпорация қызметкерлері) семинар өткізді.

Семинарда Мемкорпорация қызметкерлеріне "электрондық үкімет" веб-порталында (www.egov.kz) (бұдан әрі-ЭҮП) заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) жөніндегі мемлекеттік қызмет іске қосылды. Мемлекеттік қызметті алу бойынша негізгі талаптар түсіндірілді.

Қажетті құжаттар тізбесіне, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібіне, тіркеу алымдарының мөлшерлемелеріне, сондай-ақ ЭҮП арқылы заңды тұлғаның орналасқан жерін онлайн түзету, заңды тұлға басшысын өзгерту бойынша қызметті алу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Мемкорпорация қызметкерлерінің құжаттарды қабылдауы кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Қойылған барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 

 

 

Ақмола облысы әділет департаментінің

тіркеу қызметі саласындағы

Әдістемелік қамтамасыз ету

және бақылау бөлімі