"Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)" ЖШС өкілі Әсел Жұмановамен "Holsten"тауар белгісіне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша әңгімелесу өткізілді.

"Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)" ЖШС өкілі Әсел Жұмановамен "Holsten"тауар белгісіне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша әңгімелесу өткізілді.

2023 жылдың 10 қаңтарында Ақмола облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Сайдалин Самат «Carlsberg Kazakhstan (Carlsberg Kazakhstan)» ЖШС өкілі Джуманова Әселмен  «Holsten» тауар белгісіне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша онлайн сұхбат өткізілді.            Әңгімелесу барысында Ә.Джумановаға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша тексеріс жүргізу тәртібін және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірді.            Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізілгені айтылды.