ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын және қызметтік міндеттерін орындау кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын және қызметтік міндеттерін орындау кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді  сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.

 

2022 жылғы 08 желтоқсанда Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) департаменттің аппарат және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары                             Д. Хайруллинның қатысуымен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын және қызметтік міндеттерін орындау кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді  сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.

МҚІАД басшысының орынбасары Д. Хайруллин Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің нормаларын сақтаудың «тұрмыстық жемқорлық», мемлекеттік функцияларды орындау кезіндегі мүдделер қақтығысы, тәуекелдерді төмендету факторы ретіндегі сапалы цифрландыру, қызметтен тыс уақытта өзін-өзі ұстау, игіліктерді заңсыз алу сияқты маңызды аспектілеріне тоқталды.

Басшының орынбасары – Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі                    Г. Акимова аталған саладағы негізгі акцент жасауға қажет бағыттарға тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимылға, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзбауға, Әкімшілік рәсімдік-процессуалды кодексінің нормалары шеңберіндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, қызметтік міндеттерді орындау кезінде киімнің ресми үлгісінің жалпы қабылданған нормаларын, еңбек және атқару тәртібін сақтауға   бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша Департаменттің қызметкерлеріне ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

 

 

Әкімшілік-құқықтық бөлім