"Зорлық зомбылықсыз 16 күн"Республикалық акциясы

"Зорлық зомбылықсыз 16 күн"Республикалық акциясы

 

           2022 жылғы 30 қарашада «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акциясы шеңберінде отбасылық қарым –қатынас саласында құқықбұзушылықтарды алдын алу және бодырмау мақсатында  Ақмола облысы Әділет Департаментімен жеке сот орындаушысы мен нотариустың, заң консультаттың қатысуымен Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен  азаматтамен  кездесу өткізілді. 

          Дағдарыс орталығының тұрғындарымен кездесу барысында  олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және алимент төлеу мәселелері бойынша сотқа құжаттарды ресімдеу, банк шоттарына тиым салу, сонымен қатар  мүлікке құжаттарды рәсімдеу бойынша  және т.б. құқықтық көмек көрсетілді.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы осы дағдарыс орнында тұратын және өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдермен  әңгіме жүргізді.

            Сондай-ақ,  аталған дағдарыс орталығының тұрғындарына қайырымдылық қажетті көмек көрсетілді.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі