Әрбір азаматқа қорғануға мемлекет құқық береді. Бұл туралы еліміздің негізгі Заңы Қазақстан Республикасының Заңында жазылған. Заңды және жеке тұлғаларға заң көмегін әртүрлі құқықтық субъектілері көрсетеді сонымен қатар, адвокаттар мен нотариустаркөрсетеді. Адвокттық және нотариаттық қызметтерін жүзеге асырудың негізгі талаптарының бірі мемлекеттік лицензиясының болуы. Лицензия алу әртүрлі бірнеше сатылардан тұрады. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер Әділет органдарында мемлекеттік қызмет алады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңыныңы 40 бабының 2 тармағына сәйкес, адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан ойдағыдай өткеннен кейін адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға «Электрондық үкіметтің» веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өзін аттестаттауға жіберу туралы өтініш жібереді.
Сонымен қатар, «Нотариат туралы» Заңының 7-2 бабының 2 тармағына сәйкес нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарын қоса тіркей отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы оны аттестаттауға жіберу туралы өтінішін тұрғылықты жері бойынша тиісті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясына жолдайды.
Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалар www.egov.kz, www.elicense.kz. электрондық үкімет веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы бойынша электрондық құжаттарын тапсырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттарында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» жүйесінің мемлекеттік дерекқоры арқылы тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысатын тұлғаларды аттестатау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасы заңдарын білуге компьютерлік тест;
2) емтихандық билет бойынша ауызша тапсырмаларды орындау.
Компютерлік тестке жұсалатын жалпы уақыт 90 минутты ( 100 сұрақ) құрайды.
Қызмет алушы компютерлік тесті ұсынылған жалпы сұрақтардан егер 70 (жетпіс) дұрыс жауап алатын болса өткен болап саналып, екінші кезеңге жіберіледі.
Екінші кезеңде қызмет алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 (он) минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырманың дұрыс жауабы Комиссия мүшелерімен бес балдық жүйемен бағаланады.
Аттестаттау немесе атестаттамау туралы Комиссияның шешімі аттестация өткізілген күні шыарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Адвокаттық және нотариаттық қызметтерін лицензиялау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен жүзеге асырылады. Адвокаттық және нотариаттық қызметтерімен айналысу құқығын лицезениялау 2011 жылдың 15 тамызынан бастап электрондық түрде көрсетіледі.
Әділет департаменті
құқықтық түсіндіру және
халыққа заңгерлік қызмет көрсету
бөлімінің басшысы
Әділбай Жарасбаевич Ержанов