Ақмола облысы Әділет Департаментінің ауданаралық әділет басқармаларына онлайн семинар өткізді.

Ақмола облысы Әділет Департаментінің ауданаралық әділет басқармаларына онлайн семинар өткізді.

 

 

         Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде зияткерлік меншік құқығы бөлімі Ақмола облысы Әділет Департаментінің ауданаралық әділет басқармаларына онлайн семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-зияткерлік меншік саласындағы ауданаралық әділет басқармаларының қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Zoom конференция барысында зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы С.Сайдалин ағымдағы жылдың 20 маусымында Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік туралы заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

Жаңа заңда зияткерлік меншік құқықтарын және өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту шаралары көзделген. Сондай-ақ ұлттық заңнама зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормалар мен практикалардың ережелеріне сәйкес келтіріледі.

Сондай-ақ, зияткерлік меншік құқығы бөлімі әділет органдарының әлеуметтік желілерін жүргізуге қатысты ұсыныстар берді.

 

 

 

 

 

ЗМ құқығы