НҚА құқықтық мониторингі туралы

НҚА құқықтық мониторингі туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 49 бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң (бұдан әрі-НҚА) заңдылығы қамтамасыз етiлетін шаралардың бірі НҚА құқықтық мониторингiн жүргiзу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңнамалық актiлерде белгiленген құзыретке сәйкес Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары, өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған заңға тәуелді НҚА қатысты – заңға тәуелді НҚА қабылдаған және (немесе) олардың әзiрлеушiлері болып табылатын уәкiлетті органдар НҚА заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттің органдары мен лауазымды адамдары болып табылады.

Құқықтық мониторинг –Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі.

Мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын НҚА мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.

Құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген, Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларымен бекітілген.

Жергілікті деңгейде құқықтық мониторинг объектісі болып мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің қаулылары, әкімдердің шешімдері және тексеру комиссияларының қаулылары түсініледі.

Қабылданған НҚА Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған НҚА іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау құқықтық мониторинг жүргізудің басты мақсаты болып табылады.

Құқықтық мониторинг заңнамалық актілерді, сондай-ақ заңнамалық және сатысы бойынша өзге де жоғары тұрған НҚА негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де НҚА жетілдіруге өз септігін тигізеді.

 

С. Кантарбаева

Ақмола облысы Әділет департаментінің

әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы