«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел

«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында   дөңгелек үстел

      

          2022  жылғы 22 шілдеде Ақмола облысы Әділет департаменті облыстық білім басқармасымен Красный яр с. агротехникалдық колледжінде ұйымдастырған Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмаған адамдарды әлеуметтік-құқықтық, психологиялық қолдау орталығы мен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, Көкшетау қаласы полиция басқармасы пробация қызметінің өкілдерінің және медиатордың қатысуымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында   дөңгелек үстел шарасына қатысты.

           Дөңгелек үстел барысында   өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды психологиялық қолдау, алимент төлеу бойынша және медиациа арқылы жанжалды жағдайларды шешу әдісі сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін ата-аналардың жауапкершілігі бойынша мәселелері  талқыланды.

         Департамент өкілі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін және кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат берді.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі