Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі» дағдарыс орталығына барды.

Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі»  дағдарыс орталығына барды.

 

 

 2022 жылғы 21 шілдеде Ақмола облысы Әділет департаменті  Көкшетау қ. полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметімен,  Ақмола облысының жеке өңірлік сот орындаушылар және заң консультанттар палаталары өкілдерімен және қалалық мәслихат депутатымен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі»  дағдарыс орталығына барды.

      Кездесу барысында,  дағдарыс орталығында өмір сүріп жатқан тұлғаларға олардың құқықтары мен бастандықтары мен  әкелікті тану, сотқа құжаттарды рәсімдеу, алимент өндіру және т.б. мәселелер бойынша  құқықтық көмек көрсетілді. Жүгінген азаматтарға білікті заң көмегін алу, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін және кешенді зәлеуметтік заң көмегін алу  мүмкіндігі бойынша ақпарат ұсынылды.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы осы дағдарыс орнында тұратын және өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдермен  әңгіме жүргізді.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі