Ақмола облысының ауданаралық әділет басқармаларына онлайн семинар өткізді.

Ақмола облысының ауданаралық әділет басқармаларына онлайн семинар өткізді.

  

 

                Мемлекет басшысы мен Әділет министрлігінің талаптарын ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттердің бірі - қоғам өмірінде басым маңызға ие заңдардың негізгі ережелерін іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2022 жылдың 18 мамыры зияткерлік меншік құқығы бөлімі Ақмола облысының ауданаралық әділет басқармаларына (бұдан әрі – АӘБ) «онлайн семинар» өткізді.

Семинар өткізудің мақсаты – зияткерлік меншік құқығын қорғауда АӘБ – ларға практикалық және заңгерлік көмек көрсету.

 «Zoom» конференциясы барысында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, айрықша құқықтарға иелік ету туралы шарттар жасасу мәселелері қозғалды.

Сонымен бірге, зияткерлік меншік құқығы бөлімі ауданаралық әділет басқармаларына Ақмола облысы Атамекен ҰКП-мен қол қойылған меморандум аясында аумақтық кәсіпкерлер палаталарымен Ақмола облысының кәсіпкерлері үшін оларға сеніп тапсырылған аудандар мен қалаларда бірлескен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, бөлім басшысы С. Сайдалин 2022 жылға арналған зияткерлік меншік құқығы бөлімінің, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарын жұмыста қолдануды жеткізді.