Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының негізгі талаптарын түсіндіру бойынша оқыту семинарын өткізді.

2022 жылдың 18 мамыры күні Ақмола облысы Әділет департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасымен (бұдан әрі - Департамент) бірлесіп, мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының негізгі талаптарын түсіндіру бойынша оқыту семинарын өткізді.

Осы семинарда Департамент басшысының орынбасары М. Едрисов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі ережелерін түсіндірді, сондай-ақ Басқарманың қызметкерлері «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде жолданымдармен жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп, Комитеттің өзге де ақпараттық жүйелерімен таныстырды.

Семинарға қатысушылар қызықтырған сауалдарын қойып, оларға тиісті жауап алды.

Әкімшілік-құқықтық бөлімі