ТЖ режимі кезінде сот орындаушылардың жұмысы бойынша түсіндіру

ТЖ режимі кезінде сот орындаушылардың жұмысы бойынша түсіндіру

          Мемлекет Басшысының жарлығымен 2022 жылғы қаңтардың 5-19 аралығында Қазақстанның аумағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың мүдделері мен денсаулығын қорғау мақсатында шектеуді көздейтін төтенше жағдай режимі әрекет етеді.

          Төтенше жағдай кезінде барлық санаттағы атқарушылық өндірістер мен әрекеттер кейінге қалдырылады. Атқарушылық әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен ТЖ әрекетінің тоқтауына қарай қайта жанданатын болады. Бұл туралы сот атқарушы ақпараттық жүйесі арқылы қосымша хабарланады. ҚР Әділет министрлігі азаматтарды төтенше жағдай режимінің құқықтық шарттарын қатаң сақтауға шақырады.