«Әділет органдарының қызметі жөнінде ең үздік жарияланым» байқауы

«Әділет органдарының қызметі жөнінде ең үздік жарияланым»  байқауы

         

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай Ақмола облысының Әділет департаментінде өткізілген бұқаралық ақпарат құралдарында «Әділет органдарының қызметі жөнінде ең үздік жарияланым»  жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

        2021 жылғы 24 желтоқсанда Департамент басшысының алғыс хаттарымен «Теледидардағы үздік бейнематериал» номинациясы бойынша «Koksnе» ҚТРК Ақмола облысының филиалы арнасының  редакторы Зарина Жүнісбекова сонымен қатар, «Баспасөз беттеріндегі ең үздік жарияланым» номинациясы бойынша  облыстық «Кокшетау сегодня» газетінің корреспонденті Гүлбаршын Салық , «Арқа ажары» газетінің жауапты хатшысы Асылай Айжарихова, қалалық «Степной маяк» газетінің  шолушысы Аружан Сатабалдинова марапатталды.

        

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі