Ақмола облысы Әділет департаменті Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында кездесу өткізді

Ақмола облысы Әділет департаменті  Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында кездесу өткізді

           Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына орай жарияланған «30 қайырымды іс» марафоны шеңберінде а.ж. 26 қарашада Әділет Департаментімен Көкшетау қаласының полиция Басқармасы ювеналды бөлімімен бірлесіп, заң кеңесшісі, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты мен жеке сот орындаулары және жеке нотариустың қатысуымен , Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен  азаматтамен  кездесу өткізілді. 

           Кездесу барысында Департамент және Көкшетау қ. полиция Басқармасының  қызметкерлері ажырасу, алимент өндіру мәселелері аталып өтті.

       «Шанс» дағдарыс орталығының тұрғындарымен кездесу барысында  олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және сотқа құжаттарды ресімдеу және алимент төлеу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

         Көкшетау қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы жағдайы төмен отбасылармен өздерінің кәмелетке толмаған балаларын  тәрбиелеу туралы әңгіме жүргізді.

            Сонымен қатар,  аталған дағдарыс орталығының тұрғындарына қажетті көмек көрсетілді.

 

       

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі