"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерімен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша оқыту семинары

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерімен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша оқыту семинары

 

Ақмола облысының Әділет департаменті 2021 жылғы 24 қарашада "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің (бұдан әрі-ХҚКО) қызметкерлерімен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында ХҚКО қызметкерлеріне Целиноград, Есіл және Ақкөл ауданаралық әділет басқармаларынан Ақмола облысының Әділет департаментіне коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу функцияларын беру туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, басшыны өзгертудің электрондық рәсімі (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау) бойынша түсініктемелер берілді.

Мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) құжаттарды беру, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді тіркеу, қызметін тоқтату заңды тұлғаның (филиалдар мен өкілдіктердің), мемлекеттік тіркеуге өтініштердің белгіленген нысандарын толтырудың дұрыстығын, тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттарды дұрыс деректемелермен қабылдау тәртібін түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылардың сұрақтарына тиісті түсініктемелер мен кеңестер берілді.

 

 

Ақмола облысының

Әділет департаментінің

Тіркеу қызметі саласындағы

Әдістемелік қамтамасыз ету

және бақылау бөлі