«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі әділет органдарының жетістіктері»

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі  әділет органдарының жетістіктері»

 

Тәуелсіздік – халқымыздың мақтанышы,

Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы,

Тәуелсіздік – ұлттымыздың азаттығы,

Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы.

 

Тәуелсіздікке отыз жыл да толды ғой,

Бұл дегенін бостандықтың жылы ғой.

Әрбір адам еркіндігін біледі ғой,

Оны қорғап, қастерлеп өтеді ғой.

 

Қиындықпен келген бізге тәуелсіздік,

Қорғайықшы еркіндікті біз мәңгілік

Тәуелсіз өмір сүре білейік,

Бостандықты мәңгі сақтап жүрейік.

 

Мемлекеттің тәуелсіздігі – бұл жай ғана мәлімдеме емес. Шынайы тәуелсіздік құру – күнделікті ауыр жұмыс, саяси реформалардың дұрыс бағыты.

«Тәуелсіздік бәрінен де жоғары!» - осы сөздер біздің ұранымыз болу керек. Бай тарихы және терең тамырлары бар біздің еліміз үшін –  Тәуелсіздіктен асатын нәрсе жоқ.

Біздің балаларымыз егеменді елде дүниеге келіп өсті, балаларымыздың бойында мүлдем жаңа және заманауи дүниетаным мен өмір салты бар. Олар үшін тәуелсіздік - факт, аксиома. Алайда, тәуелсіздіктің құнын түсініп, балаларымыздың есінде мәңгі қалу үшін, олар Қазақстан Тәуелсіздігінің бағасын білу қажет.        

Біздің еліміз ата-бабаларымыздың батырлық күресінің арқасында тәуелсіздік пен егемендікке ие болды. Сол күндері олардың басына көптеген қиындықтар мен сынақтар түсті. Біз барлық осы оқиғалардың беттерін жүрегімізде сақтауға тиіспіз.

Біздің Тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілері – ол бай және кең жеріміз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Сарыарқаға ұласатын, біздің тіл – ана сүтімен дарыған және біздің бірлігіміз барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетін – ол біздің халқымыздың күші.

Білім мен технология еліміздің жетілуінің негізгі қозғалтқыштары болып табылады. Абай айтқандай, адам өзінің ақыл-ойы, білімі, ар-ожданы және мінезінің арқасында жетістікке жете алады.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде бәріміз көп нәрсені үйрендік. Бүкіл ел осы айтулы жылды атап өтеді және белгілі бір нәтижелерді жинақтап, Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жетістіктері туралы айтатыны анық, бұл ретте әділет органдары да қалыс қалмайды!

Әділет органдарының маңызды міндеттері мен мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

Дұрыс және уақытпен тексерілген Қазақстанның құқықтық негізі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заңгерлік көмек алу үшін әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығына кепілдік береді, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін әлемдік аренада ұсыну және қорғауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік жылдарында әділет органдарының функциялары үнемі жетілдіріліп отырды. Қазақстан Республикасының заңнамасына барлық өзгерістер мен толықтырулар дұрыс енгізіліп отырды және көптеген тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, қағаз құжаттарын азайтуға және елдің дамуының түрлі салаларындағы бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталды.

Мысалы, тәуелсіздік жылдарында әділет органдары ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер электрондық нысанға аударылды, бірқатар мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылды және оларды көрсету рұқсат беруден хабардар ету тәртібіне ауыстырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдері айтарлықтай қысқартылды және бірқатар электрондық мемлекеттік қызметтер санаулы сағат ішінде көрсетілетіндігін атап өткен жөн. Атап өткен жаңалықтар мемлекет тарапынан бизнес ашуды жеңілдеткені, біздің азаматтарымызға көптеген қағаз құжаттарын жинау қажеттілігін жойып, оларды ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік бергенін көрсетеді.

Осы жылдар ішінде жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін төмендетуге мүмкіндік туды, мысалы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды.

Егер азамат немесе заңды тұлға алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оларға ескерту жасалып, әкімшілік заңнама нормаларын сақтау қажеттілігі түсіндіріледі.

Әділет органдарының бағынысты ұйымдарының рөлін атап өткім келеді.

Әрине, адвокаттық, нотариаттық бағыт, жеке сот орындаушылары, сот сарапшылары, заң кеңесшілері институтының дамуы өте маңызды, өйткені осының барлығы біздің азаматтарымызға білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған. Осыған байланысты, адвокаттық, нотариаттық, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер және т.б. салаларды реттейтін заңнамалар Тәуелсіздік жылдарында реформаларға тап болды.

Сонымен, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған, тәртіптік жауапкершілік рәсімі жетілдірілді, атап айтқанда, адвокаттардың тәртіптік комиссиясына, адвокаттардың өздерінен басқа, қоғам өкілдері мен зейнеттегі судьялар кіретін болды, бұл адвокаттармен сапасыз заңгерлік көмек көрсетуге азаматтардың шағымдары мен өтініштерін жан-жақты қарауға мүмкіндік береді, қабылданған шешімдердің объективтілігіне әсер етеді және сол арқылы адвокаттың жауапкершілік деңгейін, ең бастысы біздің азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Нотариустардың тәртіптік комиссиясына осыған ұқсас бірқатар түзетулер енгізілді. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген заң адовкаттардың қатарына кіру үшін бастапқы жарнаны өндіріп алуға тыйым салды, бұл бүкіл ел бойынша адвокаттар санын көбейтуге мүмкіндік берді, сонымен бірге адвокат кәсібімен айналысуға жас мамандардың ағымы өсті. Заңмен жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметі реттелді, олар заң кеңесшілер палатасына біріктірілген, біздің азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі олардың өздерінің басқару органдары және бақылау басқармасы бар.

Сонымен бірге, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ республикада цифрландыру саясаты және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 24-бабын іске асыруда заңгерлік көмекті автоматтандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша адвокаттық қызмет және заң кеңесшілері қызметін автоматтандыруды көздейтін «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін әзірледі.

Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халыққа білікті заң көмегін, сондай-ақ халыққа заң көмегін қамтамасыз ету бойынша адвокаттық қызмет пен заң кеңесшілер қызметін автоматтандыруды жеңілдету болып табылады.

«Е-Заң көмегі» АЖ заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі, ол заң қызметтерін алу және ұсыну алаңы болып табылады.

Сонымен бірге, онлайн немесе офлайн нысанда қызметтерді алу мүмкіндігі бар, бұл елдегі пандемия кезінде өзекті.

«Е-Заң көмегі» АЖ бойынша адвокатты және/немесе заң кеңесшісін табу (таңдау), сондай-ақ (мамандандығы, жұмыс тәжірибесі бойынша) іздеу және оның деректерін тексеру критерийлері бар (лицензиясының, заң кеңесшілері палатасында немесе адвокаттар алқасында мүшеліктің болуы).

«Е-Заң көмегі» АЖ қағазсыз құжат айналымына көшудің нәтижелілігін қамтамасыз ету арқылы адвокаттар алқасының басқару органынан адвокаттардың тәуелсізідігін қамтамасыз етуге, сотқа дейінгі тергеу органдарының адвокатты ашық және уақтылы тағайындауға, қорғаушы ретінде заңгерлік көмек көрсетуге қол жеткізуде адвокаттардың тапсырмаларын және құқық теңділігін тең бөлуге, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу процесін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жүйенің ыңғайлылығының бірі ақшалай қаражаттардың әділет органдарынан тікелей адвокаттардың шоттарына түсуі болып табылады.

Ақпараттық жүйені енгізу қылмыстық процестерді жүргізетін қызметкерлерге адвокатты тағайындауды жүзеге асыруға, күдіктіге қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы қаулыны және автоматты түрде МКБЗК аясында күдіктіні қорғауға байланысты заңгерлік көмекті төлеу туралы қаулыны шығаруға жағдай туғызады, бұл бюджет қаражаттарын жұмсаудың тиімділігін арттырады.

Соңғы 30 жыл ішінде зияткерлік меншік әлеуметтік өндірістің маңызды факторларының бірі болды. Зияткерлік меншік объектілеріне авторлық, сабақтас құқық, сауда белгілеріне, қызмет белгісіне құқық, тауардың шыққан жеріне құқық, патенттік құқықты пайдалану құқығы жатады.

Республикамызда Тәуелсіздік жылдары зияткерлік меншікті қорғау саласында толыққанды құқықтық база құрылып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Патент Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңы және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалары қызмет етеді.

Сот актілерін орындау саласы әділет органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Жеке сот орындаушылары институтын дамыту, атқарушылық іс жүргізу саласындағы бірқатар процестерді автоматтандыру және сот орындаушылар жұмысын жетілдіру уақыт еншісімен реттелді.

Мысалы, барлығына мәлім, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етудің тиімді әдістерінің бірі борышкердің ҚР тыс шығуына шектеулер қою. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңында көзделгендей, сот орындаушысы борышкерге хабарлағаннан                5 жұмыс күні өткеннен кейін ғана шығуға тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 20 бастап 40 айлық есептік көрсеткіштен шығуға шектеу қоюға мүмкіндік беретін ақшаның жоғарғы шекті мәнінің өсуі көзделген. Сонымен бірге, шығуға тыйым салу бұрын болған үш жұмыс күнінің орнына 1 жұмыс күні ішінде шешілуі қажет екендігі көзделген.

Мемлекет пайдасына өндіріп алу, алимент, жалақыны өндіріп алу және және өзге де әлеуметтік маңызы бар атқарушылық құжаттар бойынша атқарушылық өндіріс бұрынғыдай ерекше назарда.

Тәуелсіздік жылдары «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізіліп, оның қабылданған күні әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленді.

Осы атаулы жыл ішінде елдің басты құқықтық оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін енгізу болды.

Кодекс, ең алдымен, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» институтын нығайтуға және сөзсіз, азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік органдардың қызметін реттейді. Мемлекеттік қызметшілер «Әрбір азамат, әрбір өтінішке құлақ асып, түсіндіру қажет» ұранымен жұмыс істеуі қажет және жұмыс істейді. Біз, мемлекеттік қызметшілер азаматтарымызға барлық қабылданған шешімдердің құқықтық салдарын түсіндіруге міндеттіміз.

Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді, Қазақстан халқы көпті өткерді, біз мақтана алатын жетістіктер де бар. Бірінші рет карантиннің қатал жағдайларында жұмыс істей отырып, біз қашықтан мемлекеттік қызметті көрсетуді және жұмыс істеуді үйрендік. Карантин шарттарын сақтай отырып, өзіміздің және біздің азаматтарымыздың денсаулықтарына мұқият қарап, әділет органдары қызметкерлері өздерінің функционалдық өкілеттіктерін және міндеттерін орындап қана қоймай, сонымен қатар мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және өзге де әлеуметтік осал топтарға көмек қолын созды. Мен Ақмола облысы Әділет департаментінің және тұтастай алғанда әділет органдарының барлық қызметкерлеріне қиын сәтте мұқтаж адамдарға көмектесуге деген үлкен ықылас үшін алғыс айтқым келеді.

Сондай-ақ, ұжымда еліміз тәуелсіздігінің құрдастары жұмыс істейді. Ақмола облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы Мадина Тукеева. Мадина үшін еліміз тәуелсіздігінің құрдасы болу өте құрметті, ал бір жағынан өте жауапты. Биыл Мадина еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылданған жұмыскер қатарынан Департаменттің мемлекеттік қызметкері, жас маман ретінде қалыптасуының үлгісі болды. Сонымен бірге Мадина өте тәрбиелі, әріптестерін құрметтейді және тәлімгерлерінің кеңесіне мұқият қарайды.

Тәлімгерлер туралы айта отырып, ардагерлеріміз бен тәлімгерлерімізге бас иемін, олар берген кеңестер мен нұсқауларды осы күнге дейін сақтап келеміз, олар әділет органдарының құрметті ардагерлері – Павел Станиславович Трищ, Қымбат Токешевна Абдуахитова, Күлпаш Балтабаевна Оспанова, Людмила Николаевна Дикая, Миниса Хашимовна Шутая, Наталья Николаевна Подгорная және басқалар.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының Әділет департаментінің ұжымы барлық қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтайды. Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейді. Бейбітшілік, амандық, еліміз өркендеп, халқымыз аман болсын, сонда «Біз біргеміз! Мы вместе!» ұранымен Қазақстан халқы барлық қиындықтарды жеңіп, еліміздің жоғары жетістіктерін көретін болады.

 

Ақмола облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары

Әдеп жөніндегі уәкіл

Гүлмира Акимова