Ақмола облысының Әділет органдары қызметкерлері балаларының арасында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы

Ақмола облысының Әділет органдары қызметкерлері балаларының арасында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30  жылдығын мерекелеу шеңберінде Әділет департаменті қызметкерлерінің балалары мен әділет органдарының ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің балалары арасында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында суреттер байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ереже

 

          Осы аталған ереже Ақмола облысының Әділет органдары қызметкерлері балаларының арасында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауының тәртібі мен шартын анықтайды.

         Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30  жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізіледі.

           Байқаудың өтілу мерзімі 2021 жылдың: 15 нен 25 қазан аралығы.

           Байқауды ұйымдастырушы Ақмола облысының Әділет департаменті.

 

  1. Байқаудың мақсаты

 

          Адамгершілік-патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

 

  1. Байқауға қатысушылар

 

Сайыстық қатысуышылары Әділет департаментінің қызметкерлерінің, аумақтық сот орындаушылар палатасы, Ақмола облысының аумақтық нотариалдық палатасы, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, Ақмола облысының сот сараптама  институтының, Заңнама институтының  Ақмола облысының филиалы және Ақмола облысының, заң консультанттар палатасының балалары болып табылады (6 жастан 16 жас аралығында ).

          Балалар арасындағы сайыс үш жас санаты бойыйнша өткізіледі:

  • 6-8 жас;
  • 9-12 жас;
  • 13-16 жас.

 

  1. Байқаудың өтілу шарты

 

        Өтінішті қабылдау 2021 жылғы 15 және  25 қазан аралығында Ақмола облысының Әділет департаменті   жүзеге асырады.

           Байқауды ұйымдастырушылар екі кезеңде өткізеді.

1 кезең байқауға құжаттарды қабылдау.

2 кезең – қортытынды, жеңімпаздарды анықтау.

Департамент байқау комиссиямен бірлесіп,  2021 жылғы 25 - 28 қазан аралығында байқау  жұмыстарын комиссиялық  қарауды ұйымдастырады.

           Байқау комиссияның құрамына Ақмола облысы Әділет департаментінің  өкілдері, әділет органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіреді.

           Байқау жеңімпаздары 2121 жылғы 29 қазанда   Ақмола облысы Әділет департаментінің арнайы сайтында, сондай-ақ  Instagram, Facebook  және VKконтакт  әлеуметтік желілерінде  жарияланады.

 

  1. Байқау жұмыстарының талаптары

 

Байқауға қатысушылар суреттерді электронды түрде № 1 қосымшаға сәйкес,

Ақмола облысы Әділет департаментінің  D.Ibraeva@adilet.gov.kz мекенжайы бойынша ұсынады. Байқау жұмыстарын қағаз түрінде Ақмола облысының Әділет департаментінің келесі мекенжайы бойынша  ұсыну қажет: Көкшетау қ,  Н. Назарбаев даңғылы, 37,  512 каб.

           Байқау  жұмыстары:

 - байқауға қатысу үшін өтініш ( №1 қосымша);

 - сурет байқауы.

Конкурстық жұмыс осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс.

Байқау  шарттарына сәйкес келмейтін жұмыстарды комиссия қарамайды.

 

  1. Үздік суретті анықтау бойынша байқауды бағалау критерийлері

 

           Үздік суретті анықтау бойынша байқауды бағалау келесі критерийлер  бойынша  іріктеледі:

 

- мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі;

- өзіндік және шығармашылық;

     - ресімдеудің конкурстық жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкестігі.

 

  1. Байқау қорытындысын шығару

 

           Байқаудың қорытындысын   байқау  комиссиясы  шығарады,  байқау  комиссияның  құрамы  Ақмола облысы  Әділет департаментінің басшысымен анықталады және бекітіледі.

          Байқау комиссиясы материалдардың критерийлерге сәйкестігін қарайды және жеңімпаздарды анықтайды.

          Байқау жеңімпаздары грамоталармен және сйылықтармен марапатталады.

          Байқау жеңімпаздарын марапаттау  2021 жылғы 29 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінің ғимаратында болады.

 

Приложение №1

 

Образец

заявки на участие в конкурсе на тему: «Менің елім-Қазақстан»  в рамках празднования 30 - летия Независимости Республики Казахстан.

 

ЗАЯВКА

 

для участия в конкурсе на лучший рисунок на тему: «Менің елім-Қазақстан»  в рамках празднования 30 - летия Независимости Республики Казахстан.

 

 

1

Фамилия, Имя, Отчество

 

2

район

 

3

Школа, класс

 

4

Телефон, e-mail

 

7

иные персональные данные