Ақмола облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметінің тарихы

Ақмола облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметінің тарихы

Аталған суретте Әділет органдарының ардагері Ақмола облысы Әділет департаментінің Есіл ауданы Әділет басқармасының бұрынғы басшысы Қымбат Токешевна Абдуахитова.

Әділет органдарының жүйесінде Қымбат Токешевна 26 жыл жұмыс істеді, 1992 жылы Есіл ауданы АХАЖ аудандық бөлімінің меңгерушісі лауазымына қабылданды, 1999 жылы Әділет департаменті Есіл ауданының АХАЖ бөлімінің басшысы ретінде, одан кейін 2005 жылы Есіл ауданы Әділет басқармасының басшысы болып тағайындалды, Есіл ауданы Әділет басқармасының басшысы лауазымынан зейнетке шықты.

Қымбат Токешевна мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибеге ие, жас қызметкерлердің тәлімгері, әділет органдарының құрметті ардагері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10-жылдығы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы медальдарымен,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің және Әділет департаментінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Қымбат Токешевна өз тәжірибесі мен білімін кәсіби түрде қолданып келеді және өз жұмысында одан әрі қолдануды жалғастыруда, қазіргі уақытта Ақмола облысы заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі болып табылады, біздің азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғайды, сондай-ақ Есіл ауданының қоғамдық кеңесін басқарады.

 

 

 

#АқмолаОблысыныңМемлекеттікҚызметініңТарихы

#ИсторияГосударственной службыАкмолинскойОбласти

#Тәуелсіздікке30жыл #30летНезависимости

#ТәуелсіздікКүні

#Государственная служба #Мемлекеттік қызмет

#Госслужба #ДЮ