«Құжаттарға апостиль қою және заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдікдіктерді есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» тақырыбында оқыту семинары

«Құжаттарға апостиль қою және заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдікдіктерді есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» тақырыбында оқыту семинары

 

 

           2021 жылғы 11 қазанда Ақмола облысының Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (ZOOM арқылы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша облыстық және аудандық (қалалық) бөлімдерінің филиал қызметкерлерімен «Құжаттарға апостиль қою және заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдікдіктерді есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» тақырыбында оқыту онлайн –семинары өткізілді.

 Аталған семинарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, тіркеу үшін мемлекеттік баж төлеу мөлшері және  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қаралды. «Е-апостиль» электрондық мемлекеттік қызметіне ерекше назар аударылды.

 Сондай-ақ, аталған семинарда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылды.