Ақмола облысы Әділет департаменті Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында семинар-тренинг өткізді

Ақмола облысы Әділет департаменті  Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында семинар-тренинг  өткізді

 

А.ж. 16 маусымда Ақмола облысы Әділет Департаменті Көкшетау қаласының полиция Басқармасы ювеналды бөлімімен бірлесіп, Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен  азаматтарға семинар – тренинг  өткізілді.

          Семинар барысында Департамент қызметкерлері және Көкшетау қ. полиция Басқармасының  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторымен ажырасу, алимент өндіру мәселелері аталып өтті.

       Сондай-ақ, «Шанс» дағдарыс орталығының тұрғындарымен кездесу барысында  олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және сотқа құжаттарды ресімдеу және алимент төлеу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді

 Көкшетау қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы жағдайы төмен отбасылармен өздерінің кәмелетке толмаған балаларын  тәрбиелеу туралы әңгіме жүргізді.

       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына орай жарияланған «30 қайырымды іс» марафоны шеңберінде аталған дағдарыс орталығының тұрғындарына қажетті көмек көрсетілді.

 

       

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі