«Е-Заң көмегі»

«Е-Заң көмегі»

   «Е-Заң көмегі»

       «Е-Заң көмегі» АЖ - заң көмегін көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі, ол құқықтық қызметтерді көрсету мен алуға арналған алаң.
       Бұл ретте қызметтерді онлайн немесе офлайн режимде алуға болады, бұл елдегі пандемия кезінде өте маңызды. «Е-Заң көмегі» АЖ арқылы заңгерді және/ немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте маманды іздеу (мамандығы бойынша, жұмыс тәжірибесі бойынша) және оның деректерін тексеру критерийі көзделген (лицензиясын, заң консультанттары палатасына немесе адвокаттар алқасына мүшелігін). Осылайша, жоғарыда көрсетілген ақпараттық жүйе азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған. 
     Адвокатты, заңгерді таңдау үшін «Е-Заң көмегі» АЖ-і немесе eup.kz сілтемесі арқылы табуға  болады.