Отбасы күнін мерекесіне орай, Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі» дағдарыс орталығына барды.

Отбасы күнін мерекесіне орай,  Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі»  дағдарыс орталығына барды.

 

         Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні аталып өтіледі. Бұл мереке 2013 жылы біздің Республикамыздың мерекелер тізіміне енгізілді.

        Отбасы күнін мерекесіне орай,  а.ж. 08 қыркүйекте Ақмола облысы Әділет департаменті  Көкшетау қ. полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметімен,  Ақмола облысының Заң консультанттар палатасының өкілдерімен және қалалық мәслихат депутатымен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі»  дағдарыс орталығына барды.

         Дағдарыс орталығында өмір сүріп жатқан тұлғаларға олардың құқықтары мен бастандықтары, сонымен қатар әкелікті тану, сотқа құжаттарды рәсімдеу, алимент өндіру және т.б. мәселелер бойынша  құқықтық көмек көрсетілді. Сондай – ақ, Көкшетау қалалық полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы осы дағдарыс орнында тұратын және өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдермен  әңгіме жүргізді.

       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына орай жарияланған «30 қайырымды іс» марафоны шеңберінде аналар мен балаларға сый – сияпат тарту етілді.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі