Көкшетау қаласының АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен жас отбасыларға «Неке қию туралы куәлікті» тапсыру рәсімі

Көкшетау қаласының АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен  жас отбасыларға «Неке қию туралы куәлікті»  тапсыру рәсімі

2021 жылғы 10 қыркүйекте Ақмола облысының Әділет департаменті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Неке қию туралы куәлікті» жас отбасыларға табыстау рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсімде Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Г. Шукатова жас жұбайларға неке қию туралы куәлік пен өздерінің алтын үйлену тойын тойлайтын - 50 жыл бірге өмір сүрген мерейтой иелеріне сыйлықтар табыс етті.

Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Б. Муханов жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына туу туралы куәліктерін табыс етті.

Тапсыру рәсімі Көкшетау қаласының салтанат сарайында өтті.

 

 

 

Ақмола облысы Әділет департаментінің

тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік

қамтамасыз ету және бақылау бөлімі