Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні аталып өтіледі. Бұл мереке 2013 жылы біздің республикамыздың мерекелер тізіміне енгізілді. Сол кезде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жаңа мереке бекітілді және оны мерекелеу күні анықталды. Биыл мереке 12 қыркүйекке түсіп отыр.
Мерекенің тарихы 2009 жылдан бастау алады, сол кезде еліміздің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстанда 15 мамыр Отбасы күнін құру туралы бастама көтерді.
Бүгінде республикада отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған, отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы отбасының қоғамдағы және оған қатысты мемлекеттің жағдайы бойынша бағаланды. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді.
Отбасы күні біздің өміріміздегі отбасының маңыздылығы туралы ойлануға және жақын адамдарға назар аударуға мүмкіндік береді. Жақын адамдарсыз өмір бос және қуанышсыз болар еді. Отбасы әр адамға қажет. Отбасының негізгі мақсаты балалардың тууы мен тәрбиесі деп атауға болады. Отбасында бала адамдар арасындағы қарым-қатынас құпияларын түсінуге үйренеді, махаббатты және қамқорлықты үйренеді, отбасы арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа даналық және білім беріледі.
Әрбір ерлі-зайыптыларда көптеген жеке мерекелер бар: олардың танысу, үйлену күні. Бірінші ситцеваядан күміс үйлену тойына дейін, алтын және егер сәтті болса гауһар тойларға жеткізеді. Уақыт өте келе, отбасы күшейіп, мықты болады.
Мемлекет отбасынан басталады, отбасы - қоғамның ұясы.
Ағымдағы жылдың сегіз айында Ақмола облысының тіркеуші органдары: 3151 неке (ерлі-зайыптылық), некенің ең ерте жасы (ер) – 17 жас, некенің ең ерте жасы (әйел) – 16 жас, некенің ең кеш жасы (ер) – 85 жас, некенің ең кеш жасы (әйел) – 71 жас, некенің орташа жасы (ер) – 31 жас, орташа жасы (әйел) – 28 жас, оның ішінде 167 неке (ерлі-зайыптылық) шетел азаматтарымен жасалды, бұл жақын шетел азаматтары - Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және алыс шетел азаматтары - Германия, Түркия, АҚШ сияқты шет елдер.
Біздің көпұлтты елімізде ұлты мен жас айырмашылығы ешқандай рөл атқармайды, өз бақытыңды құруға және отбасыңды құруға ешқашан кеш емес.
Біздің Ақмола облысы бойынша тіркелген азаматтық хал актілерінің ең көп саны баланың тууын тіркеуге тиесілі – 8791, оның ішінде ұлдар – 4585, қыздар – 4206.
Кемені қалай атайсыз ол солай жүзеді демекші, баланың дүниеге келуі өте қызықты және сонымен бірге, жаңа туған нәрестенің есімін таңдаудың күрделілігіне байланысты болып келеді. 2021 жылдың сегіз айында ұлдар арасында ең танымал есімдер – Әлихан, Әмір, Әли, Артем, Богдан, Матвей, Максим, Александр, Ислам, Алан, Алдияр, Давид, Нұрислам, Тимур, Марк, қыздар арасында – Медина, Айзере, Айлин, София, Томирис, Аяла, Әмина, Раяна, Айару, Асылым, Айша, Милан, Арина, Малика, Айша.
Осы жылы Отбасы күні мерекесіне орай, Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ақпараты бойынша, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жас отбасыларға «Неке қию туралы куәлікті» тапсыру рәсімін өткізеді.
Ақмола облысының Әділет департаменті барша қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, жақсылық, табыс, амандық пен молшылық тілейміз және алтын үйлену тойға дейін қол ұстасып бірге жетулеріңізге тілектеспіз!
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
тіркеу қызметі саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету
және бақылау бөлім
басшысының м.а. Ф. Махметжанова