«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтары туралы»

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтары туралы»

       

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

        2021 жылғы 13 шілдеде Ақмола облысының Әділет департаменті «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтары туралы» атты тақырыбында аппарат және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Семинарға Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының 1-ші орынбасары А. Бердалин және «Нұр Отан» партиясының Ақмола аймақтық филиалының партиялық қадағалау жөніндегі инспекторы А. Алпысбаев қатысты.  

А. Бердалин өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы, қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік орган басшысының орнынан кету институтының енгізілгендігі туралы атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу қажеттілігі туралы да аталып өтілді. 

 

 

Ақмола облысы Әділет департаментінің

әкімшілік-құқықтық бөлімі