«Менің таңдауым - мемлекеттік қызмет»

«Менің таңдауым - мемлекеттік қызмет»

      

         Біздің үлкен елімізде әртүрлі көп мамандықтар бар. Олардың барлығы өз жолымен қызықты. Дұрыс мамандық таңдау - бұл әр адамның өміріндегі жауапты қадам, өйткені біздің тағдырымыз мамандық таңдауға да байланысты.

        Бүгін мен таңдаған мамандығым туралы айтқым келеді, мен мемлекеттік қызметті таңдадым. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi. Мемлекеттік қызметшінің басты қасиеттері - бұл ең алдымен кәсібилік, адамгершіліктің, патриотизмнің жоғары деңгейі және заңдылықты сөзсіз сақтау. Мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер өз Отаны - Қазақстан Республикасына қызмет ету үшін өзінің барлық күш-жігері мен білімін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды.

        Бұл қызмет барлық бағытта өсуге және дамуға көмектеседі, халықтың игілігі үшін біздің идеялар және басымдықтарды  бақылайды және іске асырады. Мемлекеттік қызмет - бұл жай ғана кәсіби қызмет емес, бұл ең алдымен қызмет. «Қызмет» ұғымы борыш, адалдық, берілгендік сияқты санаттар арқылы ашылады. Мемлекеттік қызмет «меритократия» басқару қағидаты бойынша мансап сатысымен көтерілуге мүмкіндік береді. Қазір біздің мемлекет жастардың мемлекеттік қызметке түсуге ұмтылуы үшін барлық жағдайлар жасап жатыр.

     Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мен үшін абырой және мақтаныш.        Өйткені, мемлекеттік қызмет ең алдымен  бұл тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім.

     Өз мақаламның соңында, мен барлық мемлекеттік қызметкерлерді мерекесімен құттықтағым келеді және  біздің мемлекетіміз бен халқымыздың игілігі үшін барлық бастамаларымызға табыс тілеймін!

 

 

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

жетекші маманы

Мадина  Тукеева