«Біз біргеміз!» ұранымен Көкшетау қ. жалғыз басты әкелерге азық-түлік себеттерін таратудағы қайырымдылық акциясына қатысты.

«Біз біргеміз!» ұранымен Көкшетау қ. жалғыз басты әкелерге  азық-түлік себеттерін таратудағы қайырымдылық акциясына қатысты.

       Халықаралық әкелер күніне орай Ақмола облысының Әділет департаменті «Ақмола облысының әкелер одағы» қоғамдық қорымен бірлесе 2021 жылғы 17 маусымда «Біз біргеміз!» ұранымен Көкшетау қ. жалғыз басты әкелерге  азық-түлік себеттерін таратудағы қайырымдылық акциясына қатысты.

       2021 жылғы 18 маусымда  Көкшетау қ. №2 орта мектебінде Көкшетау қ. жалғыз басты әкелердің шақыруымен Ақмола облысы Әділет департаментінің, «Ақмола облысының әкелер одағы» қоғамдық қорының, «Ақмола облысының жастар-ресурсттық орталығының» қызметкерлерінің қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.

       Отырыс барысында жалғыз басты әкелермен көтерілетін мәселелер, яғни, алимент өндіру, құқықтық көмек көрсету, бала өсірудегі жеңілдікті төлемдер сияқты сұрақтар талқыланды.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Әкімшілік – құқықтық бөлімі