Мемлекеттік қызметтер көрсету және тіркеу қызметі саласында әділет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу;
- әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
- жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету.
Сонымен, әділет органдары саласындағы жоғарыда атап өткен жаңалықтар туралы:
Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша (АХАТ).
2019 жылғы 25 қарашада Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
АХАТ саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің (бұдан әрі - кодекс) 50 астам бабына түзетулер енгізілді.
АХАТ барлық түрлеріне, яғни қайталама куәліктер мен анықтамалар беру бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін экстерриториялық принцип енгізілді. Енді қай өңірде туылғанына қарамастан туу туралы қайталама куәлікті алу қажет болған кезде туу туралы қайталама куәлікті ол қалауы бойынша кез келген тіркеуші органнан алады.
Ата-аналардың таңдауы бойынша баланың тууын тіркеу смс хабарламалар арқылы проактивті тәсілмен көрсетілуі мүмкін.
Ананың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ, сызықша арқылы қос есімдер мен әкелерінің атын беруге болады. Мысалы, егер әкесінің есімі Али-Аскар болса, Али-Аскарович немесе Али-Аскарұлы деген әкесінің атын беруге болады.
Қазақстан Республикасынан тыс туылған балалардың куәліктерін беру үшін қажаттар тізбесі кеңейтілді.
Мысалға, егер бала Өзбекстанда туылса және туу туралы куәлік туған жері бойынша берілсе, жаңа түзетулерге сәйкес ата-аналар баланың нақты туған жерін көрсете отырып, кез келген тіркеуші органда қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлікті алады.
Бұл жаңалық ата-аналарға мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекке тұруға, медициналық ұйымдарға бекітуге, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндік береді.
АХАТ кейбір түрлері олардың автоматтандырылуына байланысты алынып тасталды.
2 куәліктің орнына: бала асырап алу туралы немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына тіркеуші орган баланың жеке деректері мен оның ата-анасы туралы деректерді қамтитын баланың туу туралы бір ғана куәлікті береді.
Некені бұзуды тіркеу рәсімі сот шешімінің негізінде автоматтандырылды. Бұл мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасында оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.
Азаматтарға тіркеуші орган ақпараттық жүйелерден алатын құжаттарды ұсыну қажеттілігі алынып тасталды (сот шешімі, медициналық куәлік, ҚР тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер және т.б.).
«Е-Апостиль» - құжаттарды тіркеуге және апостиль мөртаңбасын электронды түрде беруге арналған ақпараттық жүйе, ол апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебін және бірыңғай мұрағатын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде тұратын өтініш беуршілерге онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.
Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық өтінішті беру және элетрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, яғни сканерленген құжаттармен қоса электрондық өтініш, сондай-ақ мемлекеттік баж Е-Апостиль қызметтік бағдарламалық өнім жүйесінде тіркеледі. Әділет департаментінің қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу, тексеру және дайын құжаттарды беруді электрондық нысанда бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырады.
Апостильдеуге жататын құжат, құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы ұсынылады, көшірмелерді сканерлеуге, сондай-ақ құжаттардағы мәтінде түзетулер мен өшірулердің болуына жол берілмейді.
Е-Апостильдің негізгі артықшылығы құжаттарды беру уақытын қысқарту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және құжаттарды жоғалту қаупін азайту, яғни құжаттарға апостиль қою үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз рәсім болып табылады.
Бұл қызмет, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы, яғни өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде азаматқа оның құжаттары апостиль қоюға жататындығы немесе жатпайтындығы хабарланып, артық көлік шығындары алынып тасталады.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету Әділет департаменттерімен көрсетіледі.
Сонымен қатар, ҚР СЫМ Консулдық қызмет департаментінің ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта құрамында Гаага конвенциясының қатысушы елдері Е-Апостильды келесі елдерде: Испания, Грузия, Австрия, Колумбия, Молдова, Жаңа Зеландия, Корея, Бельгия, Аргентина, Латвия, Чили, Андорра, Бахрейн, Болгария, Қытай (Гонконг), Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Ирландия, Мексика, Никарагуа, Парагвай, Перу, Румыния, Словения, АҚШ и Уругвай жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша Е-Апостиль арқылы 44 құжатқа апостиль қойылды.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласы.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері айтарлықтай қысқартылды.
Коммерциялық емес ұйымдарды (саяси партияларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу және тіркеу рәсімдерінің басқа да түрлері) қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Сондай-ақ, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу кезінде құжаттар тізбесі қысқартылды, атап айтқанда филиалды немесе өкілдікті құру туралы заңды тұлғаның шешімін ұсыну қажеттілігі жойылды.
Қатысушы жарғылық капиталдағы үлесін иеліктен шығарған кезде шаруашылық серіктестікті қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленген.
2019 жылғы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды.
Қабылданған Заңда кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысаны белгіленген және оны құру тәртібі регламенттелген.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (ММИБ) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, заңды тұлға ретінде құрылған болып есептеліп, құрылған кезден бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
МИИБ мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 44-бабының 3 тармағына сәйкес ММИБ мемлекеттік тіркеу үшін аумақтық әділет органдарына: өтініш; жиналыс хаттамасы; мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін 1 АЕК мөлшерінде бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын квитанция немесе өзге де құжат ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығымен мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысы бекітілді.
Осы қағидалармен шешім қабылдау, жиналыс өткізу тәртібі айқындалған.
Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері (МИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алатынына назар аударамын.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін МИК барлық рәсімдерді сақтай отырып, әділет органдарында қызметін тоқтатуды міндетті түрде тіркеу арқылы жою қажет.
Жылжымайтын мүлік саласы.
Ағымдағы жылғы 26 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Осылайша, осы Заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-бабы алынып тасталды, бұл құқық бұзушыларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейді.
Соңғы төрт жылда осы саладағы әкімшілік өндірістердің едәуір төмендегені байқалады, бұл меншік иелерінің өз мүлкіне құқықтарын уақтылы тіркеуін және толыққанды іске асыруын куәландырады.
Жергілікті жерлердегі сәулет қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып заңды түрде айқындалды.
Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салатын. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы, салынған объектіні заңдастыруды қиындататын.
Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы ақпаратты уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға алып келеді.
Заңдық талаптар қоюдың құқық ауыртпалықтарын тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне қысқартылды, бұл меншік иесіне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған барлық жаңалықтар азаматтардың уақыт және қаржы шығындарын қысқартады, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесін цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкіл
Г.Акимова