15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

     

Жыл сайын 15 мамырда 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу ел жұртшылығының назарын отбасының көптеген проблемаларына аударуды мақсат етеді. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы отбасының қоғамдағы және оған қатысты мемлекеттің жағдайы бойынша бағаланды. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді.

          Отбасы күні біздің өміріміздегі отбасының маңыздылығы туралы тағы бір рет ойлануға және жақын адамдарға назар аударуға мүмкіндік береді. Өйткені, оларсыз біздің өміріміз бос және қуанышсыз болар еді. Сирек жағдайларды қоспағанда, әр адамға отбасы қажет. Отбасының негізгі мақсаты балалардың тууы мен тәрбиесі деп атауға болады. Отбасының берік болуы өте маңызды. Отбасында балалар адамдар арасындағы қарым-қатынас құпияларын түсінуді, махаббат пен қамқорлықты үйренеді. Отбасы арқылы даналық пен білім бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Мемлекет отбасынан басталады.

              Мәселен, ағымдағы жылдың 4 айында Ақмола облысы бойынша 1376 неке (ерлі-зайыпты болу) тіркелді, оның ішінде 64 неке шет мемлекеттердің азаматтарымен жасалды, бұл жақын шетел азаматтары - Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, сондай-ақ АҚШ, Германия, Түркия сияқты алыс шетел азаматтары.

Тәжірибе көрсеткендей, өз бақытыңды тауып, өз отбасыңды құруға ешқашан кеш емес. Адамдар «махаббат жас талғамайды» деп бекер айтпайды және жас айырмашылығы, ұлты ешқандай рөл атқармайды.

Облыс бойынша дәстүрлі түрде тіркелген актілердің ең көп саны тууды тіркеуге келеді – 4028.  Жаңа туылған нәрестелердің жалпы санынан 2094 ұл және 1934 қыз бала дүниеге келді.    

         Баланың дүниеге келуі өте қызықты және сонымен бірге жаңа туған нәрестенің атын таңдаудың қиын сәтімен байланысты. Адамның есімі сол қоғаммен және ол өмір сүретін өмір жағдайымен байланысты.

         Ағымдағы жылда ұлдарға Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Иманғали, Станислав жәнеде Денис сияқты есімдермен аталғаны жие кездесет. Қыздарды жиі Айлин, Әминә, Сезім, Любовь, Наталья деп атайды.  «Ретроесімдер» қою үрдіске айналуда, мысалы, Всеволод, Ростислав, Василиса. Елімай, Астанай, Нурел сияқты патриоттық бояуы бар есімдер де бар. Ең сирек кездесетін есімдер – Акир, Тимуджин, Стефан, Шұғыла, Жанайым, Ұлағат.

        

Ақмола облысы

Әділет департаментінің жетекші маманы                                   Б. Кушенова