Назар аударыңыз, «Контрафакт» акциясы!

Назар аударыңыз, «Контрафакт» акциясы!

     

 

       

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ағымдағы жылғы 12 мамырдан бастап 30 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Жоғарыда аталған акция шеңберінде:

1) 2021 жылғы 12 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында 10-15 жас аралығындағы (10-12 жас, 13-15 жас аралығындағы) балалар арасында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік сурет республикалық байқауы;

2) 2021 жылғы 12 мамырдан бастап 30 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік ұранға арналған республикалық байқауы (14 жастан бастап жас санатындағы және одан жоғары).

Жеңімпаздарды бағалы сыйлық - планшет күтеді!

Біздің облысымыздың азаматтарын, жастарын бей-жай қалмауды және байқауға белсенді қатысуды сұраймыз!

         Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін Ақмола облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім басшысы Самат Мұратұлы Сайдалинге 8771-505-25-25 ұялы немесе 40-25-96 жұмыс телефонына хабарласуға болады.