Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамалық реформалар туралы.

Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамалық реформалар туралы.

    

          26 января 2021 года Главой государства  подписан  Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации прав на недвижимое имущество и юридических лиц».

     2021 жылғы 26 қаңтарыңда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

    Түзетулерді қабылдаудың алдында қолданыстағы заңнамаға мониторингінің және құқық қолдану практикасына талдау жасалған  алдыңғы нәтижелері болды.

    Түзетулер  жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелеріне қатысты болды.

    Осылайша, осы Заңмен құқық бұзушыларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы  тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершелікке тартуды көздейтін  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  460-бап алып тасталды.

    Осы түзетуді қабылдау және әкімшілік жауаптылықты жою соңғы төрт жылда осы саладағы әкімшілік өндірістердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл меншік иелерінің мүліктерін уақытылы тіркегенін және құқықтарын толыққанды іске асырғанын растайды.

    Сонымен қатар, қаңдай да бір мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, нотариуста меншік құқығы туралы куәлік ресімделгеннен және құқықты тіркеу үшін ақы төленгеннен кейін тіркеуші орган құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) электрондық тіркеуді дереу жүзеге асырады. Яғни, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу кезінде мерзімдерді бұзуға жол берілмейтіні анық.

    Осы заңмен, құқық ауыртпалықтарын, заңдық талаптарды тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл меншік иелеріне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып заңды түрде айқындалды.

    Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салған. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы салынған үйге құжатты заңдастыруды қиындатты.

    Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді.

    Одан басқа, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қатысушы жарғылық капиталдағы үлесін иеліктен айыру кезінде шаруашылық серіктестікті қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленген.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

бөлім басшысы                                                                          Ж. Жакулина