2021 жылдың 22 сәуірінде Ақмола облысы Әділет департаментімен қмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының қатысуымен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн-форматта Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарымен адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
"ҰАТ" АҚ өкілімен және Ақмола облысы бойынша ҚР БП ҚС және ҚСБ бөлімінің аға прокурорымен бірлесіп, кіші әділет кеңесшісімен семинар қатысушыларына адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, "Е-Заң комитеті" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процесі туралы мәлімет берілді.
Семинар-кеңес барысында адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау процестерін автоматтандыру кезінде туындайтын мәселелер, адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуі туралы өтінім бойынша ұсынылған қаулыларды тексеру талқыланды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі