«Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде «Nur-Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргізілді.

«Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде «Nur-Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргізілді.

 

«Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде

«Nur-Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргізілді.

 

       2021 жылғы 07 сәуірде Ақмола облысы адвокаттар алқасының, Ақмола облысының аумақтық нотариалдық палатасының, Ақмола облысы заң консультанттары Палатасының және Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілдерінің қатысуымен, Ақмола облысының Әділет департаменті «Nur-Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесімен бірлесіп, «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырып өткізді.

Аталған шараның мақсаты –жүгініп келген азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Кездесу барысында азаматтарға атқару өндірісі, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікті бөлуге қатысты, нотариалдық қызметтер, адвокатура және басқа да мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі