Жергілікті мемлекеттік органдарымен жүргізілген құқықтық мониторинг бойынша семинар

Жергілікті мемлекеттік органдарымен жүргізілген құқықтық мониторинг бойынша семинар

 

       Ағымдағы жылғы 18 наурызда Ақмола облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі (бұдан әрі – НҚАТБ) ZOOM қосымшасы арқылы онлайн-форматта жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заң қызметінің қызметкерлерімен нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін қарау нәтижелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте НҚАТБ қызметкерлерімен жергілікті мемлекеттік органдармен өткізілген құқықтық мониторингтің нәтижелері, «Жайылымдар туралы», «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыруда қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеумен байланысты мәселелер талқыланды.

Семинар-кеңесті қорытындылай келе, жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметінің қызметкерлеріне қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәртібін сақтау, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы, орфографиялық қателерді жібермеу, барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін сапалы орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

 

 

                                                                                                 НҚАТ бөлімі