А.ж. 11 наурызында Ақмола облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті жанында құрылған заң клиникасында азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырды.
Аталған шараның мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениеттілігін арттыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне құқықтық көмек беру болып табылады.
Аталған шараға университеттің заң факультетінің студенттері қатысты.
Жүгінген азаматтарға алимент өндіру бойынша сот шешімдерін орындауға қатысты жекелеген мәселелерді шешу бойынша кеңестер берілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі