Хабарландыру!

Хабарландыру!

       Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен мемлекеттік қызмет көрсетудің «Е-апостиль» пилоттық жобасы енгізіліп жатыр.

    «Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі қызмет алушыларға әділет органдарымен электронды үкімет порталы (әрі қарай – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.

    Электронды форматтағы мемлекеттік қызметті алу барысында апостиль қойылатын құжаттың сканерленген нұсқасы ұсынылады. ЭҮП арқылы өтініші және керек құжаттар тапсырған сон, мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш түскендігі туралы хабарлама қызмет алушының «жеке кабинетке» 1 (бір) жұмыс күні ішінде түседі. Ұсынылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету немесе бас тарту туралы шешім қабылданады. Құжаттар заң талаптарына сәйкес келетін болса, «Е-апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы электронды құжатқа электронды апостиль жасап, портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

    Мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша Ақмола облысының Әділет департаментіне 55-10-03 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

Ақмола облысы Әділет департаментінің

тіркеу қызметі саласындағы

әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі