Көкшетау қаласының Ш.Уәлиханов және Біржан сал атындағы колледж студенттерімен кездесу –өткізілді.

Көкшетау қаласының Ш.Уәлиханов және Біржан сал атындағы  колледж студенттерімен кездесу –өткізілді.

     Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақмола облысы Әділет Департаменті Ақмола облысының "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы мен Көкшетау қ. Полиция басқармасының ювеналдық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Ш. Уәлиханов және Біржан сал атындағы колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырып өткізді.

      Аталған кездесу жастардың мақсатты топтары арасында құқық бұзушылықтың  алдын алу және ескерту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңсыз іс - әрекеттерден қорғау мақсатында ұйымдастырылды.

      Студенттермен әңгімелесу барысында жасөспірімдер қылмысының негізгі себептері, қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері қаралды.

       Кездесу соңында студенттермен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және онымен күресу шаралары, сондай-ақ некеге тұру, тегін ауыстыру және т. б. мәселелері туралы айтылды.

 

 

 Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі