Азаматтық хал актілерін санмен тіркеу

Азаматтық хал актілерін  санмен тіркеу

Ақмола облысының тіркеу органымен 2020 жылы  27380  азаматтық хал актілері тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда  1313  актіге аз  (28693).

Есеп беру кезеңінде 12412 жаңа туған бала тіркелген және 8668 қайтыс болғандар тіркелген. 2020 жылы халықтың өсімі 3744 адамды құрады.      

Жаңа туған нәрестелердің жалпы саны бойынша 6401 ұл бала, ал 6011 қыз бала туылған. Ұл балаларға  Амир, Алихан, Артём, Богдан, Алдияр, Арлан, Матвей, Захар, Ислам,Алан, Давид, Илья,Ерасыл сияқты танымал есімдер берілсе, қыз балаларға – Айзере, Медина, Айлин, Айару, Аяла, Амина, София, Томирис, Айша, Асылым, Дарья, Ева, Айым, Раяна, Милана сияқты атақты есімдер берілген.

Ең жоғарғы бала туу Кокшетау (3708 туылғандар,  2163 қайтыс болғандар) қаласында байқалса, ал қайтыс болу бойынша жоғарғы көрсетілім Астрахан ауданында байқалады   (туылғандар – 307, қайтыс болғандар 309).

Неке қию (ерлі-зайыптылар) – 4289 тіркелген, оның ішінде 215 шет ел азаматтарымен  немесе  5% некелескен. 

Неке қиылғандар арасында ажырасқандар саны – 1214  немесе 39 % , 2019 жылы  некенің бұзылуы   30% құраған .                                              

Егер статистикалық деректерді алатын болсақ, онда отбасын сақтап қалу үшін қолайлы орта болып Жарқайын ауданы,  некенің тек 25% ғана құрайды  (2020ж. 53- неке қиылған, 17-неке бұзылған, ал ең дағдарыс ауданы болып Зеренді ауданын есептеуге болады, барлық қиылған некенің ішінде  49% бұзылған  (88 қиылған некенің  42 некесі бұзылған).

2019 жылмен салыстырғанда  қазақстандық азаматтардың бала асырап алу (қыз асырап алу) саны төмендеген 2020 жылы-16 ал 2019 жылы – 83. 

Соңғы екі жылда шет ел азаматтартарының қазақстандық балаларды (қыздарды) асырап алуы мүлдем байқалмайды (2020 – 0, 2019-1).    Бұл балаларды (қыздарды) асырап алуды жүзеге асыру бойынша шет ел агенттіктеріне деген талабының күшейтілгендігі болып табылады.

Жалпы, азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерін сұрау бойынша саны артқан, егер 2019 жылы бұл сан  26829 көрсетсе,   2020 жылы   -  28151 санын көрсетіп отыр.

«Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін электронды қызмет түрі айтарлықтай өстіп, 2019 жылы  - 3165 электронды қызмет түрі көрсетілсе, 2020 жылы  - 4235 қызмет көрсетілді. 

 

 

Бахыт Кушенова

Ақмола облысы

Әділет департаменті тіркеу саласын бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі