Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы жұмыс сапарымен Ақкөл және Бурабай ауданаралық Әділет басқармаларына барды.

Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы жұмыс сапарымен Ақкөл және Бурабай ауданаралық Әділет басқармаларына барды.

      

         2021 жылдың 06 қаңтарында  Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Болат Мұханов Ақкөл және Бурабай ауданаралық Әділет басқармаларына жұмыс сапарымен барды.

        Департамент басшысы сапар барысында Ақкөл ауданының Әкімдігінде Ақкөл ауданы әкімі орынбасарының, Степногорск қ., Ерейментау, Шортанды және Ақкөл аудандарының нотариустары мен адвокаттары, заң консультанттарының және жеке сот орындаушыларының қатысуымен  мәжіліс өткізді. 

             Сонымен қатар, Бурабай ауданының әкімдігінде аудан Әкімінің қатысуымен Бурабай, Зеренді, Сандықтау және Біржан сал аудандарының нотариустары мен адвокаттары, заң консультанттарының және жеке сот орындаушыларының қатысуымен  мәжіліс өткізді. 

          Жоғарыда аталған жұмыс отырысында нотариат, адвокаттық және атқару өндірісі бойынша проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, атқару өндірісі, алимент, заң көмегін көрсету және т.б. мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

        Басшымен қабылдау барысында азаматтарға түсініктеме беріліп,  Ақкөл және Бурабай ауданаралық Әділет басқармаларының қызметкерлеріне аталған мәселелерін шешу бойынша тапсырмалар берілді.

 

Ақкөл және Бурабай

Ауданаралық

Әділет басқармалары