Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы жұмыс сапарымен Целиноград ауданаралық Әділет басқармасында болды.

Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы  жұмыс сапарымен Целиноград ауданаралық Әділет басқармасында болды.

2021 жылдың 5 қаңтарында  Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Болат Өміржанұлы Мұханов жұмыс сапарыменЦелиноград ауданаралық Әділет басқармасында болды. Департамент басшысы жұмыс сапары барысында Аршалы, Астрахан,  Егіндікөл, Қорғалжын және Целиноград аудандарының нотариустары, адвокаттары мен жеке сот орындаушыларымен кездесіп, қызметтік жиналыс өткізді.

Аталған жиналыста нотариустық, адвакаттық саласы және атқару өндірісі жөніндегі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Департамент басшысымен азаматтарды қабылдап,    алимент төлемеу, мұра алу т.б. мәселелері бойынша  қабылдау жүргізілді.

Өтініш білдірген азаматтарға басшы түсініктеме беріп, Целиноград ауданаралық Әділет басқармасының қызметкерлеріне осы аталған  мәселелерді шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

 

 

 

                                                                                                                

Целиноград ауданаралық

  Әділет басқармасы