Ақмола облысының Әділет департаментінде жастармен кездесу өтті

Ақмола облысының Әділет департаментінде  жастармен кездесу өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақмола облысының Әділет департаментінде «Адал Азамат» идеалдарын іске асыру аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті заңтану кафедрасының 4 курс студенттеріне арналған Ашық есік күні форматында кездесу өткізілді.

         Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңалықтары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, сондай-ақ әділет органдарының негізгі қызмет бағыттары түсіндірілді.

         Іс-шарада Департамент бөлімдерінің басшылары А.Ержанов, Ж.Адамова және Д.Ибраева ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.