Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты – бастапқы немесе қайталама жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары қамтылған сәйкестендіру құжаты.

Құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру мәліметтері мен техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші тіркеуші органға мұндай алшақтықтарды анықтау үшін өтініш беруге құқылы, оның нәтижесі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке кадастрлық нөмір беру жылжымайтын мүлікті реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде олардың техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, мұндай сипаттамалардың өзгеруі жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізбестен жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіле алатын жағдайларды қоспағанда, оның ішінде кадастрлық нөмір, мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды өзгерген кезде жүргізіледі.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі.

Кадастрлық паспортты ресімдеу үшін ұсынылады:

- жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесін қоса бере отырып жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі бар болса;

- жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне қарай жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жүргізілген техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды беру: пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер үшінші жұмыс күні беріледі, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бесінші жұмыс күні беріледі, жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері жетінші жұмыс күніне беріледі, жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілер оныншы жұмыс күніне беріледі.

Айта кету керек, бұрын берілген жер учаскелеріне арналған мемлекеттік актілер және жылжымайтын мүлік объектілеріне арналған техникалық паспорттар өзінің заңды күшін сақтайды.

 

 

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің

жетекші маманы                                                                        

Ф. Хасанова