Атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

2026 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысының Әділет департаменті Ақмола облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында барысында сот орындаушыларына «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, оларды қолдану тәртібі сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша сот орындаушыларына қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша заңда көзделген шараларды уақтылы және толық қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі