Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі хабарлайды. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық ресімдеу тәртібі өзгерді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі хабарлайды. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық ресімдеу тәртібі өзгерді

2026 жылы 8 қыркүйектен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібі өзгерді. Енді сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау, кепілге қою және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға немесе кепілге беруге байланысты, мемлекеттік тіркеуге жататын өзге де мәмілелер мүлік орналасқан жердегі нотариуспен куәландырылады. Енгізілген өзгерістер, ең алдымен, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді ресімдеу үдерісін ретке келтіруге және жүйелеуге бағытталған. Аумақтық қағидат мүлік объектісі, мәмілені нотариаттық куәландыру және құқықтарды кейіннен мемлекеттік тіркеу арасындағы өзара байланысты нақты әрі жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жаңа тәртіп жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ алаяқтық схемалардың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

Бұл ретте аумақтық қағидат азаматтардың өз мүлкіне басқа өңірде жүріп билік ету құқығын шектемейді. Егер меншік иесінің жылжымайтын мүлік орналасқан жерге жеке өзі келу мүмкіндігі болмаса, ол Егер меншік иесінің жылжымайтын мүлік орналасқан жерге жеке өзі келу мүмкіндігі болмаса, ол өз атынан қажетті әрекеттерді жүзеге асыратын өкілге сенімхат рәсімдеуге құқылы
Мысалы, егер пәтер Астанада орналасқан болып, ал оның меншік иесі Алматыда тұрса немесе уақытша сонда жүрсе, ол басқа тұлғаға сенімхат рәсімдей алады.Өкіл мәмілені Астанадағы нотариуста жүргізе алады.
Осылайша, азаматтар басқа қалада немесе өңірде жүріп, сенім білдірілген тұлғалар арқылы жылжымайтын мүлікті бұрынғысынша сата алады, сыйға тарта алады, айырбастай алады жеке кепілге бере алады. Тек мәміленің өзін нотариаттық куәландыру орны өзгереді — енді ол жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша айқындалады.
Жаңа талап тек жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерге таралады және басқа нотариаттық әрекеттердің тәртібіне әсер етпейді.